Наурызнама аясындағы онкүндік мерекелік іс-шаралардың бірі — «Шаңырақ» күні Наурыз мейрамы қарсаңында Жаркент қаласындағы «Келешек» орта мектебінде кең көлемде аталып өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Наурызнама аясындағы онкүндік мерекелік іс-шаралардың бірі — «Шаңырақ» күні Наурыз мейрамы қарсаңында Жаркент қаласындағы «Келешек» орта мектебінде кең көлемде аталып өтті. Ұлыстың ұлы күнімен үндескен бұл тағылымы мол мереке ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.

Салт-дәстүрге бай шара барысында оқушылар қазақтың қасиетті қарашаңырағы саналатын киіз үйде бас қосып, шаңырақтың терең мағынасы мен тәрбиелік мәні жайлы тағылымды мәліметтер алды. Ұстаздар мен ұйымдастырушылар шаңырақтың — отбасы бірлігінің, татулық пен берекенің символы екендігін әсерлі түрде түсіндірді.

Мерекелік жиын ән мен күйге, ұлттық нақыштағы әсем билерге ұласып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады. Сонымен қатар, шара ұлттық ойындармен жалғасып, оқушылар өз өнерлері мен ептіліктерін көрсетті. Бұл күн жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен салт-дәстүрге деген құрметті сіңірген, тәрбиелік мәні зор тағылымды кеш ретінде есте қалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-panfilov-zharkent/press/news/details/1183717?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді