Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Шымкент университетінде “Бір шаңырақ астында” атты мерекелік кеш өтті. Шаңырақ – бірлік пен берекенің символы. 🏠✨ Бұл кешке Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері жиналып, бірлік пен достықтың ерекше атмосферасын қалыптастырды. Кеш барысында Шаңырақ күніне байланысты қызықты сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, белсенді қатысқан студенттерге құнды сыйлықтар табысталды. Ән, би, көтеріңкі көңіл-күй және ұлттық құндылықтар – барлығы бір шаңырақ астында тоғысты. Бірлік бар жерде – береке бар!
Жауап қалдыру