Өскеменде ұлттық киімдер көрсетілімі өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

18 наурыз күні сағат 18:00-де Maxi Mall сауда орталығында «Ұлттық киім – ұлт мұрасы» атты жарқын іс-шара – ұлттық киімдер көрсетілімі өтеді.

Кеш бағдарламасында: қаламыздың талантты шеберлері мен брендтерінен ұлттық стильдегі киімдер және әшекей бұйымдардың көрсетілімі; ұлттық мәдениет, дәстүрге арналған бұйымдар және әшекейлер көрмесі; концерттік бағдарлама; қала тұрғындары арасында «Ең үздік ұлттық образ» байқауы.

Байқау номинациялары: «Ең дәстүрлі образ», «Ең креативті образ», «Отбасылық образ», «Ең үздік балалар костюмі».

Қатысушылар және жеңімпаздарды бағалы сыйлықтар, жүлделер күтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1184028?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді