Отбасы құндылықтарын нығайту – қоғамдағы рухани тұрақтылықтың негізгі тетігі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлытау облысында қоғамдағы рухани тұрақтылықты нығайту, ұлттық және дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ деструктивті идеологиялардың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесулері ұйымдастырылды. Іс-шаралардың басты мақсаты – отбасы институтының қоғамдағы маңызын арттыру және жастар арасында ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиені нығайту.

Жезқазған қаласында өткен кездесулер барысында түрлі мақсатты аудитория өкілдерімен мазмұнды пікір алмасу алаңдары ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс қорыту зауытының еңбек ұжымымен, облыстық әмбебап кітапхана қызметкерлерімен, Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен және №62 түзету мекемесінде есепте тұрған азаматтармен кездесулер өтті.

Кездесулер барысында қоғамдағы отбасының орны мен маңызы, ұлттық және рухани құндылықтарды сақтау, жас ұрпақты тәрбиелеудегі ата-ананың жауапкершілігі, сондай-ақ дәстүрлі мәдениет пен діннің үйлесімді сабақтастығы мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушыларға берік әрі жауапты отбасы қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің маңызды негіздерінің бірі екендігі түсіндірілді.

Сонымен қатар «Отбасы – тәрбие бастауы, руханият тірегі» тақырыбында «Жігер» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылып, отбасыдағы өзара сыйластық пен жауапкершіліктің маңызы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сарапшылардың пікірінше, отбасы институтын нығайту – қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі. Өйткені тұлғаның дүниетанымы мен құндылықтық бағдарлары ең алдымен отбасында қалыптасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-din/press/news/details/1181718?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді