Оюдан трендке дейін: елордада қазақ киімдерінің заманауи үлгісі көрсетілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада К.Байсейтова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде Ұлттық киім күніне және «Наурызнаманың» онкүндігіне орай Ethnoshow KAZNUA көрсетілімі ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Оқу орнының фойесі бұл күні нағыз подиумға айналды. Авторлық жұмыстарын болашақ дизайнерлер – «Сценография – киім дизайны» білім беру бағдарламасының 2-3 курс студенттері көрсетті. Жас таланттар модельдерін шығарып, қазақ костюмі тарихи мұра ғана емес, сонымен қатар заманауи сән тренді екенін жеткізді.

Көрсетілімнің басты ерекшелігі дәстүрлі ою-өрнектер мен киім кескінін заманауи стильге айналдыру болды. Әрбір модель – ұлттық кодты мегаполис тұрғынының гардеробына енгізудің бір талпынысы.

«Біздің басты мақсатымыз – студенттерге дәстүр мен заманауи стиль арасындағы шекараны сезінуді үйрету.

Мұнда авторлық көзқарас көрінеді: заманауи матаның фактурасы мен жаңа силуэт арқылы дала рухын жеткізу.

Студенттер үшін бұл тек дефиле емес, мәдени құндылықтармен жұмыс істей білу қабілетін сынайтын маңызды емтихан», – деді жобаның кураторы, аға оқытушы Сауле Исатаева.
Қатысушылар өз кезегінде Наурызнама аясында көрсетілімге дайындық олардың шығармашылық ашылымға толы кезеңі болғанын айтты.

«Менің коллекциям Алматыда өткен Next Designer Awards байқауына қатысып, шығармашылық жүлде алды.

Өз моделім үшін қазақ ою-өрнегінің геометриясынан шабыт алдым, бірақ оны oversize стиліне бейімдедім. Ұлттық киімнің ыңғайлы әрі концептуалды бола алатынын көрсетуге тырыстым. Эскизім өзгелердің қызығушылығын тудырған кезде этностильдің шынымен сәнді және сұранысқа ие екенін түсінесің», – деді 3-курс студенті Бота Қасымбек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1184617?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді