
2026 жылғы 13 наурыз күні Қарғалы ауданының Қоғамдық кеңес отырысы өткізілді.
Отырыс барысында төмендегідей сұрақтар қаралды:
- «2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік, демеушілік қаражат есебінен елді-мекендерді абаттандыру және көгалдандыру туралы».
Баяндамашы: Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы – Азамат Болатұлы Өтегенов.
- Кәмелетке толмағандарды еңбек процесіне тарту туралы.
- Ауданның білім беру мекемелеріндегі тамақтану мәселелері туралы.
Баяндамашы:Ақтөбе облысы білім басқармасы, Қарғалы аудандық білім бөлімінің басшысы – Ж.Дүйсенова.
Қоғамдық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша талқылау жұмыстарын жүргізіп, өздерінің ескертулерін, ұсыныстарын жеткізіп, тиісті шешімдерді қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kargala/press/news/details/1183754?lang=kk

Жауап қалдыру