
Мұндай жағдайда азаматтардың барынша сақ болғаны жөн. Естеріңізге сала кетейік, банк қызметкерлері мен құқық қорғау органдары телефон арқылы құпия кодтарды, банк картасының нөмірін немесе басқа да жеке деректерді сұрамайды.
Егер сізге осындай күмәнді қоңыраулар түссе, оларға сенбеңіз, жеке мәліметтеріңізді ешкімге айтпаңыз және SMS арқылы келген кодтарды бермеңіз. Күмәнді нөмірлерден келген хабарламалар мен қоңырауларға сақтықпен қараған жөн.
Шымкент қаласы Полиция департаменті азаматтарды аса мұқият болуға шақырады
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1184268?lang=kk

Жауап қалдыру