Қазығұрт аудандық мәслихаты депутаттары мен аудан халқының назарына!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Қазығұрт аудандық мәслихаты депутаттары мен аудан  

                               халқының назарына!

 

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезекті отыз тоғызыншы сессиясы 2026 жылғы            18 наурыз күні сағат 16.00-де Қазығұрт ауылында шақырылатыны туралы Сіздерді хабардар етемін.

       Мекен жайы:  Қазығұрт   ауылы, Қонаев көшесі № 95.

       Қазығұрт аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылғы 18 наурыз күні сағат 15.00- де өткізіледі.

 

                     Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

 

  1. Қазығұрт   аудандықмәслихат   төрағасының   «Мәслихаттың   2025  жылы атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы» есебі.
  1. Қазығұрт   аудандық  мәслихатының    тұрақты    комиссияларының   2025 жылғы қызметі жөніндегі есептері туралы.
  1.  Қ.Әбдәлиевауылдық округі әкімінің есебі туралы.
  2.  Ветеринария саласында атқарылған жұмыстардың барысы туралы.
  3. Қазығұрт   аудандық    мәслихатының   2025   жылғы 29 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы» №37/220-VIIІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Түркістан   облысы,   Қазығұрт   ауданындағы   кейбір   елді   мекендердің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы.
  1. Қазығұрт аудандық мәслихатының   2025 жылғы 24 ақпандағы №24/147-VІІІ «Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  1. Қазығұрт аудандық мәслихатының  2020 жылғы 20 сәуірдегі №55/343-VІ «Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  1. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 сәуірдегі «Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы шекаралық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» №13/92-VІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 сәуірдегі «Қазығұрт ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №13/91-VІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

      Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.   

                                                                                                   Т.Калымбетов

                                                                                  аудандық мәслихат төрағасы.

                                                                                                                                              

           Ескертпе:  Сегізінші шақырылымдағы Қазығұрт аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырыстары мен сессиялары онлайн-трансляция форматында өтеді. Тұрақты комиссия отырыстары мен сессияларды «YouTube» платформасы арқылы тікелей эфирде және бейнежазылым (запись) түрінде көруге болады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-kazygurt/press/news/details/1182729?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді