
Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін танытатын тың туындылар бүгінде ерекше қызығушылық тудыруда. Аққулы ауылының жалпы білім беру орта мектебінің оқушысы Ермек Әбибол мен А. Баймульдин атындағы мектептің оқушысы Байшүкір Айдана өз еңбектері арқылы өнердің сан қырын көрсетті.
Ермек Әбибол фанер материалын пайдаланып, ағаш бетіне ұлттық ою-өрнектерді шеберлікпен ойып, «Ұлы дала», «Ұлттық мұра», «Ұлт қазынасы» тақырыптарын қамтитын мазмұнды композиция жасады. Оның туындысы қазақ халқының бай мәдениеті мен рухани құндылықтарын айшықтап, туған жерге деген құрметін танытады.
Ал Айдана Байшүкір тәтті зефирден көктемнің символы саналатын қызғалдақтар шоғын жасап, көпшілікті тәнті етті. Сырт көзге шынайы гүлдердей көрінетін бұл композиция нәзіктік пен әсемдіктің үйлесімін көрсетіп, көктемнің жылуын сездіреді.
Екі оқушының да еңбегі – шығармашылық ізденіс пен еңбекқорлықтың айқын көрінісі. Мұндай жұмыстар жас ұрпақты өнерге баулып қана қоймай, ұлттық құндылықтар мен жаңа идеяларды ұштастыра білудің жарқын үлгісіне айналып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1182903?lang=kk

Жауап қалдыру