ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ РЕФЕРЕНДУМ НӘТИЖЕСІНЕ ҮН ҚОСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Шымкент қалалық қоғамдық кеңесі мүшелерінің 15 наурызда өткен референдум қорытындысына байланысты жиыны өтті. Қазақта «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деген аталы сөз бар. Жиынды жүргізген қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Бұхарбай Пармановтың сөзі осы қанатты сөзге сыйып кетті.

Алғашқы болып сөз алған қоғамдық кеңес мүшесі, қалалық Ардагерлер ұйымының төрағасы Кенжехан Төлебаев республика бойынша өткізілген референдумда Ш
шымкенттіктердің айырықша белсенді болғандығын атап өтті.

— Дауыс беруге қала халқының жетпіс бір пайыздан астамы қатысты. Сексен жеті пайыздан астам қала тұрғындары Ата Заңымызға «Иә» деп дауыс берді. Бұл — өте жақсы көрсеткіш. Халқымыз «Мен істедім дегенше, көп істеді десейші» дейді. Елдің ертеңін ойлаған азаматтарымызға рахмет. Қаладағы барлық партиялар өкілдігі мен қоғамдық ұйымдар коолиция құрып, Ата Заңдағы тұжырымдамаларды халыққа түсіндіруде бір үйдің баласындай қызмет етті. Алдымызда тағы да таразыға түсетін ірі мәселелер бар. Биыл Құрылтай сайлауы өтеді. Бұған да тиянақты дайындық керек. Мұның бәрі Қазақстанның жарқын болашағы үшін, — деді Кенжехан Атақұлұлы.

Кеңес мүшесі, еңбек ардагері Төлехан Үсіпбеков ақсақал Ата Заңда білім алуға ерекше көңіл бөлінгендігін айтты. Заман — білімдінікі. Ол сондай-ақ, референдумға дауыс беруде көлденең күштердің елді арандатпақ болғандығын, бірақ дегендеріне жете алмағандығын сөзге тиек етті. «Бұндай келеңсіз жағдайларға көңіл аудармау керек. Бізді ынтамақтастық, тұрақтылық мақсатқа жеткізеді, — деді ол.

Алқа қотан отырыста кеңес мүшелері Исмаилбек Шалабаев, Өмір Шыныбекұлы, Бейсенкүл Нарымбетова және Әбдібақыт Мақұлбаев сөз сөйледі, ойларын айтты.

Әбдібақыт Тіллабайұлы «Адам — Конституция үшін емес, Конституция – Адам үшін» қағидасына бағыну керек. Заң тәртібі үстемдік құрған жерде бәрі жақсы болады. Қазақстан Мемлекет басқарудың жаңа сатысына өтіп жатыр. Ата Заң – баянды болашаққа бастайтын маңызды құжат», — деді.

Мәжілісті қортындылаған қоғамдық кеңес төрағасы Бұхарбай Парманов Референдумның мәнін түсініп, қолдаған халыққа рахметін айтты. Осы жиын бойынша хаттама түзіледі.

«Елімізде көктемгі әскерге шақыру науқаны өтіп жатыр. Отан қорғау — әрбір азаматтың қасиетті борышы. Әрине, түрлі келеңсіз оқиғалар болды. Содан сабақ алып, жастарымызды өз борышын адал өтеуге түсіндіру жұмысын жүргізуге көп болып септессек дұрыс болады.
Бізде бір ғана Отанымыз бар. Келешегіміз кемел болу үшін аға буынның өнегесі әбден керек», — деді ол.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1183731?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді