Қоғамдық кеңестер конституциялық реформалар мен мемлекет және қоғам арасындағы байланысты талқылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада «Жаңартылған Конституция: ел дамуының жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында қоғамдық кеңестер отырысы өтті. Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, республикалық және облыстық деңгейдегі қоғамдық кеңестердің төрағалары, сондай-ақ Қоғамдық кеңестердің үйлестіру орталығы өкілдері қатысты.

Қатысушылар конституциялық реформаларды жүзеге асыру мәселелерін және мемлекет пен қоғамның өзара байланысты нығайту жолдарын талқылады. Қоғамдық кеңестер жұмысының сапасын арттыруға және Халық кеңесі қызметіндегі рөліне ерекше назар аударылды.

Жиын қорытындысы бойынша мұндай кездесулер мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалог орнатуға, конституциялық өзгерістерді жүзеге асыру барысында қоғамдық институттардың тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқаратыны қозғалды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1184600?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді