
«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне арналған «Қош келдің, Наурыз!» атты этнодуман өткізді.
Мерекелік шараға №6 гимназияның 9 сынып оқушылары және «Семей» мәдени-бос уақыт орталығының өнерпаздары қатысты.
Кездесу барысында кітапханашы 18 наурызда Ұлттық киім күні атап өтілетінін айтып, қазақ ұлттық киімінің тарихы, мәні және ерекшеліктерімен таныстырып, ұлттық киім халық мәдениетінің, эстетикалық идеялары мен әлеуметтік дәстүрлерінің жарқын көрінісі екенін атап өтті. Ұлттық дәстүрлерді, сондай-ақ ұрпақтан-ұрпаққа берілетін рухани құндылықтарды сақтау мен насихаттаудың маңыздылығын жеткізді.
Әрі қарай, қазақ халқының ұлттық киіміне, дәстүрлері мен сәндік-қолданбалы өнеріне арналған тақырыптық көрме ұсынылды. Қатысушыларға әйел мен ерлердің ұлттық киімдерінің үлгілері көрсетіліп, сондай-ақ ою-өрнектердің символикасы және олардың тарихи маңызы туралы айтылды.
Іс-шара қорытындысында халық мұрасының маңыздылығын еске түсіретін ұлттық киімдер атауына байланысты «Наурыз мұрасы» тақырыбында зияткерлік ойыны өткізіліп, қатысушылар ұлттық киімдердің көне атауларымен таныс болды. Оқырмандар «Оюды сәйкестендір», додокаэдр ойындарын ойнап ұлттық құндылықтарымыз туралы білімдерін толықтырып, Наурыз көженің құрамын естеріңе түсірді.
Шара соңында Қалибек Муслим «Наурыз-көктем», Петрова Таися «Про весну» әндерін шырқап, Алибеков Ансар «Ерке сылқым», «Түрікмен күйі» күйлерін орындап кештің сәнін келтірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1184418?lang=kk

Жауап қалдыру