
Жұмыстар Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Жүріс бөлігін тазарту күндізгі уақытта және қажет болған жағдайда түнгі уақытта, сондай-ақ демалыс және мереке күндері жүзеге асырылады. Мамандандырылған техника үнемі дайындықта тұр және ауа-райының нашарлауына байланысты маршрутқа жіберіледі. Жұмыстар техникалық ерекшелікте айқындалған кезектілікке сәйкес орындалады.
I кезек: Таран, Истай Ищанов, В. И. Ленин, Шокан Уалиханов, Ибрай Алтынсарин, Акслу-акын, Хажикей Жакупов, Кирзавод, Костанай, Киров, Комсомольская, Чернаткин көшелері және т. б.
II кезек: Жибек Жолы, Байтурсынов, Асымбаев, №16 маршрут, Новая, Октябрьская, Парковая, Молодежи көшелері және т. б.
III кезек: кварталіші өтпе жолдар, қаланың шағын аудандары — Совет, Приречная, Рабочекрестьянская, Пионерская, Шахтеров және т. б.
Шарт шеңберінде мынадай жұмыстар орындалады: жүріс бөлігін қар мен мұздан тазарту, жаяужолдар мен аула өтпе жолдарын тазалау, көктайғаққа қарсы материалдарды себу, қар ұстайтын орларды орнату, ауа райының шиеленісті жағдайда техника мен механизаторлардың кезекшілігі, сондай-ақ механикаландырылған тазалау кезінде пайда болған күртік қарларын шығару.
2025 жылғы 20 желтоқсаннан бастап 2026 жылғы 28 ақпанға дейін қалада қардың көп түсуі байқалды. Казгидрометтің деректері бойынша жауын-шашын мөлшері 56,8 мм құрады. Көлік пен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында қарды жинау және шығару жұмыстары ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда 18 800 м3 қар массасы шығарылды.
Жолдарды қысқы күтіп ұстау бойынша барлық іс-шаралар жаяу жүргіншілер мен көліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жарақаттанудың алдын алуға және жол-көлік оқиғаларының қауіп-қатерін азайтуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-zabelov/press/news/details/1184634?lang=kk

Жауап қалдыру