
Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейінде Наурызнаманың онкүндігі аясында «Шаңырақ» күніне орай, «Алтын шаңырақ және күміс кереге» мәдени-танымдық іс-шарасы өтті. Аталмыш іс-шараны музейлік педагогика бөлімі ұйымдастырды.
Танымдық жиын барысында оқушылар қазақ халқының сан ғасырлық тарихы мен дүниетанымын бейнелейтін «Өрнекпен өрілген өнер» көрмесін тамашалады. Қатысушыларға алаша, текемет, сырмақ, тұскиіз, тұс кілем, басқұр, кесеқап, қалта, боғжама сынды тоқыма бұйымдары мен қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері туралы толық мағлұмат алды. Сондай-ақ «қошқар мүйіз» оюын негіз еткен зооморфтық, геометриялық және өсімдік тектес ою-өрнектер туралы экскурссия өтті.
Этнография залында өткен шараға қатысушылар дәстүрлі бұйымдарды жасау әдісін көріп, халық өнерінің шеберлерімен танысты. Сырмақ жасау, басқұр тоқу, киіз басу және құрақ көрпе тігу шеберлері өз өнерін көрсетіп, шеберлік сабақ өткізді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1182950?lang=kk

Жауап қалдыру