
Баршаңызды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әйел – отбасының берекесі, қоғамның тірегі. Бүгінде ауданымыздың нәзік жандылары мемлекеттік қызметте, білім мен денсаулық сақтау саласында, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығында, мәдениет пен спорт салаларында абыройлы еңбек етіп, өңіріміздің дамуына өз үлестерін қосып келеді. Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз, еңбекқорлықтарыңыз бен табандылықтарыңыз ауданымыздың өркендеуіне серпін беріп отыр.
Ауданымызда бүгінде 7767 көпбалалы ана бар. Бұл өңірімізде отбасы институтының берік қалыптасқанын, дәстүрлі отбасылық құндылықтардың сабақтастығы сақталып келе жатқанын көрсетеді. Ұрпақ тәрбиесі, шаңырақтағы ынтымақ пен берекені сақтау аналардың мейірімі мен даналығының нәтижесі.
Қазақ халқы қашанда ананы ардақтап, әйелді құрметтеген. «Ана – өмірдің шуағы, әйел – шаңырақтың берекесі» деген дана сөздің астарында үлкен мағына жатыр. Себебі, тәрбиелі ұрпақ пен берекелі отбасының негізі ардақты аналардың ақыл-парасаты мен мейірімінде.
Құрметті аналар мен арулар!
Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, әр шаңыраққа береке, әр отбасыға бақыт пен шаттық тілеймін.
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ізгі тілекпен,
Мақсат ТАҢҒАТАРОВ
Сауран ауданының әкімі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1182234?lang=kk

Жауап қалдыру