
Құрметті ауыл тұрғындары!
🤝Баршаңызды 14 наурыз – Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – халқымыздың ежелден келе жатқан көрісу күні, адамдар бір-бірімен қауышып, амандық сұрасатын, татулық пен бауырмалдықты нығайтатын ерекше мереке.
Осы игі күні әр шаңыраққа амандық, молшылық пен береке тілеймін. Ауылымызда әрдайым бірлік пен ынтымақ орнап, тұрғындарымыздың бақ-берекесі арта берсін.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Амал мерекесі әр үйге шаттық пен қуаныш әкелсін!
Ізгі тілекпен,
Баянды ауыл әкімі Қадырбек Құдабайұлы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1181691?lang=kk

Жауап қалдыру