САУРАНДА БАЛАЛАР ФУТБОЛ ЛИГАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сауран ауданының құрылғанына 5 жыл толуына орай 2014–2015 жылы туған жасөспірімдер арасында Балалар футбол лигасы өз бастауын алды. Аталған лига 4 наурыз бен 31 мамыр аралығында әр аптаның сенбі күндері Сауран ауданының Шорнақ ауылдық округінде өтеді. Спорттық дода жас буынның бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.
Жарыстың басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасында футбол спортын кеңінен насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, өскелең ұрпақтың дене дайындығын арттыру.
Салтанатты ашылу рәсіміне Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, жас футболшыларға сәттілік тіледі.
Аудан басшысы өз сөзінде:
«Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамытуға айрықша мән беріп келеді. Бүгінгі Балалар футбол лигасы – сол саясаттың нақты көрінісі. Сіздер еліміздің болашағысыздар. Баршаңызға сәттілік пен жарқын жеңістер тілеймін!» – деп атап өтті.
Айта кетейік, лига аясында бірнеше команда бақ сынап, үздіктер маусым соңында арнайы марапаттарға ие болады. Сауранда бұқаралық спортты дамыту бағытындағы мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1182222?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді