ТАРИХИ МАҢЫЗЫ ЖОҒАРЫ КҮНДІ АТАП ӨТТІ⁣⁣⠀

Жарияланды:

Автор:

категорияда

М. Әуезов атындағы ОҚЗУ қабырғасында жаңа Конституцияның қабылдануына орай оқытушылар мен студент жастардың қатысуымен жиын өтті. Басқосуда негізінен жаңартылған Ата заңның маңызын жастарға ғалымдар жан-жақты қайталап түсіндіріп, оның қоғам өміріндегі орнын саралауға және заң талаптарының орындалуына мән беру керектігін айтты. Ата заңға сәйкес құқығын талап етуде жастар өздерінің азаматтық белсенділігін күшейту қажеттігін, сонда ғана ел үміт еткендей Әділетті Қазақстан орнайтынын тілге тиек етті. ⁣⁣⠀

Оқу орнының оқытушысы, «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, PhD, доцент Ардақ Монтаев жиынды ашып, қатысушыларды тарихи маңызы зор құжаттың қабылдануымен құттықтады.⁣⁣⠀
Сонымен қатар, алдағы кезде күшіне енетін Конституциядағы өзгерістер жарқын болашағымыз үшін жасалған нақты қадам екен айтты.⁣⁣⠀

Келесі кезекте қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Айсана Сман сөз алып, 15 наурыздың Конституция күні ретінде белгіленуінің мәніне тоқталды. Ол Ата заң – барлық заңдардың негізі екенін, оны білу әрбір азаматтың парызы екенін атап өтті.⁣⁣⠀
Кездесу барысында спикерлер мен белсенді студенттер референдумның халықтың тікелей қатысуы арқылы маңызды шешімдер қабылдауға мүмкіндік берген тиімді демократиялық тетік болғанын жеткізді.⁣⁣⠀

Жалпы, кещегі өткен референдумда 18 жасқа жаңа толған жастардың айрықша белсенділік танытуы – қоғамдағы оң өзгерістердің айқын белгісі. Олар өз құқықтарын терең түсініп, ел болашағына қатысты маңызды таңдау жасауға атсалысу арқылы азаматтық ұстанымдарын көрсете білді.⁣⁣⠀

Жиында жаңа Конституцияда кәмелетке толған азаматтардың ата-анасына қамқор болып, оларды бағып-қағу міндеті де қарастырылғаны айтылды.⁣⁣⠀
Белсенді студент Анара Аубакирова алғаш рет референдумға қатысқанын айтып, халықтың белсенділігі оған ерекше әсер қалдырғанын жеткізді.⁣⁣⠀

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1183384?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді