
2026 жылғы наурыз айында Атырау облысы Әділет департаменті тауар белгісіне құқық иесінің өтініштері негізінде жеке кәсіпкерлерге қатысты өзгенің тауар белгісін заңсыз пайдалану фактілері бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізді.
Тексеру барысында IWI AG («Ай Дабл-ю Ай АГ») компаниясына тиесілі «SPLAT» тауар белгісін заңсыз пайдалану арқылы өнімдердің сатылғаны анықталды.
Тексеру нәтижесінде жалпы сомасы 36 000 теңгені құрайтын 30 дана өнім заттай дәлелдеме ретінде тәркіленді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158-бабы негізінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Әкімшілік іс Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотына жолданды.
Істі қарау нәтижесі бойынша сот шешімімен жеке кәсіпкер өзгенің тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін 90 825 (тоқсан мың сегіз жүз жиырма бес) теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тәркіленген «SPLAT» тауар белгісі бар 30 дана өнім жою үшін Атырау қаласының аумақтық мәжбүрлеп орындату бөліміне берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1183939?lang=kk

Жауап қалдыру