ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ 16 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласында референдум күні қуанышты жаңалықтармен есте қалды. Қаладағы медициналық мекемелерде түнгі сағат 00:00-ден 18:00-ге дейін 16 сәби дүниеге келді.
Дәрігерлердің мәліметінше, дүниеге келген сәбилердің 9-ы ұл, 7-еуі қыз. Ана мен балалардың жағдайы жақсы, барлығы дәрігерлердің бақылауында.
Айта кетейік, ел өміріндегі маңызды күнмен тұспа-тұс келген бұл қуанышты оқиға жаңа өмірдің басталуымен ерекшеленіп отыр.
Жас ата-аналарды шын жүректен құттықтай отырып, дүниеге келген сәбилерге амандық, мықты денсаулық және жарқын болашақ тілейміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1181578?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді