ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Иісі мұсылман үшін жыл басы саналатын әз-Наурыз мейрамы – жаңару мен жақсылықтың, мейірім мен ізгіліктің мерекесі. Осы бір шуақты күндер қарсаңында Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов қаладағы қосалқы мектеп-интернатында болып, тағдыр тауқыметін ерте сезінген, ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.
Жылы жүзбен қарсы алған балаларға ізгі тілегін арнаған аудан басшысы әрбір баланың қоғам үшін қымбат екенін, олардың жарқын болашағы үшін мемлекет тарапынан да, жергілікті билік тарапынан да қолдау әрдайым жалғасатынын атап өтті. Мерекелік шара барысында мектеп-интернаттағы 181 бүлдіршінге дене және ой жаттығуларына арналған құрал-жабдықтар, сондай-ақ, күнделікті оқу процесіне қажетті түрлі сыйлықтар табысталды. Бұл – балалардың дамуына, білім алуына және бос уақытын тиімді өткізуіне бағытталған игі қадамдардың бірі.
Сонымен қатар аудан әкімі білім ұясының тыныс-тіршілігімен танысып, мектеп-интернаттың асханасын, ойын бөлмелерін, оқу сыныптары мен жатақхана жағдайын аралап көрді. Материалдық-техникалық базаны назарға алып, балалардың қауіпсіздігі мен жайлы ортада білім алуына, жүріп-тұруына ерекше мән берді. Жауапты мамандарға бірқатар нақты тапсырмалар жүктеп, кемшіліктерді жою бағытында тиісті жұмыстарды жүргізу үшін облыстық білім басқармасына хат жолдауды тапсырды.
Наурыз – тек мереке ғана емес, адамдарды жақсылыққа үндейтін, жүректерге жылулық сыйлайтын ерекше кезең. Осындай игі бастамалар арқылы қоғамда мейірім мен жанашырлықтың орны артып, әрбір балаға деген қамқорлықтың маңызы айқындала түсуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1184325?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді