
Түркістан қаласындағы №881 референдум учаскесінде 18 жасқа енді толған жас азамат алғаш рет дауыс беріп, өзінің азаматтық таңдауын жасады. Бұл – әрбір жас үшін ел болашағына бейжай қарамай, қоғам өміріне белсенді араласудың маңызды қадамы.
Алғаш рет дауыс берген жас сайлаушы үшін бұл күн ерекше әрі есте қаларлық сәт болды. Ол референдумға қатысып, өз таңдауын жасау арқылы азаматтық белсенділігін көрсетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1181554?lang=kk

Жауап қалдыру