
Бүгін Түркістан қаласында елімізде өтіп жатқан конституциялық реформаларға қатысты жалпыұлттық республикалық референдум аясында алғашқы сайлаушылар сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасады.
Сайлау учаскелеріне алғаш келген тұрғындарға арнайы сыйлықтар табысталып, олардың белсенді азаматтық ұстанымы мен ел болашағына бейжай қарамайтындығы үшін алғыс білдірілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы республикалық референдумның өту барысын бақылау мақсатында Түркістан қаласына келген TURKPA халықаралық ұйымының байқаушылары алғашқы сайлаушымен естелік суретке түсіп, өз таңдауын жасауға асығып, алғаш келгені үшін ризашылықтарын жеткізді.
Қаладағы сайлау учаскелерінде дауыс беру процесі заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, тұрғындар өз таңдауын жасауға белсенді қатысуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1181560?lang=kk

Жауап қалдыру