
Бүгін Ұлттық киім күніне орай басқарма қызметкерлері ерекше бастаманы қолдап, жұмыс орындарына ұлттық нақыштағы киіммен келді. Бұл игі шараның басты мақсаты – халқымыздың бай мәдени мұрасын насихаттау, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру және жас ұрпаққа өнеге көрсету.
Іс-шара барысында қызметкерлер қазақтың дәстүрлі киімдерінің әсемдігін, олардың тарихи және мәдени маңызын айшықтай түсті. Әрбір ұлттық киімнің өзіндік ерекшелігі мен мәні бар екені айтылып, олардың ою-өрнектері мен үлгілері арқылы халқымыздың дүниетанымы мен эстетикалық талғамы көрініс табатыны атап өтілді.
Мұндай бастамалар ұжымның бірлігін нығайтып қана қоймай, ұлттық болмысымызды сақтауға және дәріптеуге үлкен үлес қосады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-veterinaria/press/news/details/1184165?lang=kk

Жауап қалдыру