Ұлттық киім – ұлт рухының көрінісі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

18 наурыз – Ұлттық қазақ киімі күні. Осы мерекеге орай Екібастұз “Балалар көркемсурет мектебі” ерекше шығармашылық жобаны жүзеге асырды. Мектеп ұстаздары мен оқушылары қазақтың ұлттық киімдерін заманауи стильде жаңғыртып, жаңа этно-костюмдер топтамасын әзірледі.

Сонымен қатар №21 балабақшаның тәрбиеленушілеріне арналған ұлттық киімдер де арнайы тігілді. Бұл костюмдердің ерекшелігі – олардың дизайнында Екібастұз қаласының көрнекті орындарының элементтері бейнеленген.

Барлық костюмдер үлкен еңбектің, шығармашылық шабыттың нәтижесі ретінде толықтай қол еңбегімен жасалды. Әрбір бұйымда ұлттық нақыш, дәстүр мен заманауи көзқарас үйлесім тапқан.

Бұл жоба жас ұрпаққа ұлттық мәдениетімізді танытып, қазақтың бай мұрасын дәріптеуге бағытталған. Ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен рухының айнасы.

Ұлттық киім күні құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1184156?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді