Жамбыл ауданының прокуратурасымен кәсіпкерді әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тарту фактісі анықталды.
Атап айтқанда, облыстық Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы Кәсіпкерлік кодексінің талаптарын бұза отырып, уәкілетті органда тіркеусіз, қоғамдық тамақтану саласындағы бизнес субъектісінің қызметіне тексеру жүргізген.
Тексеру нәтижесімен кәсіпкер 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауаптылыққа тартылған.
Прокуратураның наразылығы бойынша заңсыз әкімшілік хаттаманың күші жойылып, айыппұл толық көлемде қайтарылды.
Сонымен қатар, аудан прокуратурасы кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселесін қарау үшін Полиция департаментіне қадағалау актісін енгізді.
Алайда, Департамент прокуратураны ұсынысты қарау күні туралы хабардар етпей, актіні орындаусыз қалдырған.
Осыған байланысты, Департамент ҚР ӘҚБтК-нің 666-бабы бойынша 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Прокуратура актісін қарау қорытындысы бойынша лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Прокурордың ұсынуы бойынша шара қолданбағаны, сондай-ақ прокурорды хабардар етпегені немесе уақтылы хабардар етпегені үшін әкімшілік жауаптылық қарастырылғанын еске саламыз.
Жамбыл облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1183721?lang=kk

Жауап қалдыру