«Жастар және ел болашағы» атты тақырыпта іс-шара

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Таир» сауда-ойын-сауық орталығында алдағы республикалық референдумға орай жастарға арналған іс-шара өтті.

Іс-шара барысында шақырылған спикерлер сөз сөйлеп, референдумның маңыздылығы, ел болашағын қалыптастырудағы әрбір азаматтың рөлі және жастардың қоғамдық белсенділігі туралы өз ойларымен бөлісті. Бағдарлама жергілікті орындаушылардың музыкалық қойылымдарымен толықтырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Кештің ең әсерлі сәттерінің бірі — шарларды биіктен түсіру рәсімі болды. Аталған іс-шара жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға және қоғамдық белсенділігін дамытуға бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-zhastar/press/news/details/1182006?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді