Жетісу облыстық мәслихатының аграрлық сала, бюджет және туризм мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🏞 Балқаш көлі жағалауын дамыту мәселесі қаралып, өңірдің туристік әлеуетін арттыру, инфрақұрылымды дамыту және табиғи ресурстарды экологиялық тұрғыда тиімді пайдалану бағыттары талқыланды.

🌱 Сонымен қатар облыста ауыл шаруашылығын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қаралды. 2025 жылы егіс алқабы 510,7 мың гектарды құрап, 687,4 мың тонна астық жиналды. Мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі 198,3 млрд теңгеге жетті. Саланы қолдау үшін субсидиялар мен жеңілдетілген несиелер қарастырылған.

🛡 Мал арасында жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары да талқыланды. Жетісу облысында эпизоотиялық жағдай тұрақты. 2026 жылы алдын алу жұмыстарына 3,9 млрд теңге бөлініп, 14 түрлі қауіпті ауруға қарсы вакцинация жүргізілуде.

📑 Жиын қорытындысы бойынша қаралған мәселелерге қатысты жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1182933?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді