Жуалы аудандық мәслихатының депутаттары мен
аудан халқының назарына!
Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезекті, алпыс төртінші сессиясы 2026 жылғы 27 наурызда сағат 10:50-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында келесі күн тәртібімен өтеді:
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
- Жуалы ауданында мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысы туралы есебі.
- Б.Момышұлы ауылы және Мыңбұлақ ауылдық округтері әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы жөніндегі есебі.
- Жуалы ауданы әкімдігі жанындағы кәмлетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
- «Жуалы ауданының 2026-2030 жылдарға арналған Даму жоспарын бекіту туралы» Жуалы аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №59-4 шешіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы.
- Әртүрлі мәселелер.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы 2026 жылғы 27 наурызда сағат 10:00-де өтеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhualy/press/news/details/1183151?lang=kk

Жауап қалдыру