
Шара барысында ауыл тұрғындары мен жастар қазақтың дәстүрлі ұлттық киімдерін киіп, ата-бабадан мұра болып келе жатқан мәдениетті дәріптеді. Әсем өрнектелген камзолдар мен шапандар ұлттық нақыштағы көрініс ерекше әсер қалдырды.
Аталған шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттау, жас ұрпақтың салт-дәстүрге деген құрметін арттыру және халқымыздың бай мәдени мұрасын кеңінен таныту болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-e-kotibarov/press/news/details/1185442?lang=kk

Жауап қалдыру