
Наурыз мерекесін атап өту қарсаңында 19 наурыз – Жаңару күніне орай мектепте бірқатар игі шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда Жыланды ауылдық округіне қарасты, Шынжылы орталау мектебінде білім беру ұйымы аумағында ағаш көшеттері отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, мектеп ішінде және ауласында тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, оқушылар мен педагогтер қоршаған ортаны таза ұстауға белсенді түрде атсалысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларға экологиялық тәрбие беру, табиғатты қорғауға баулу және еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1185233?lang=kk

Жауап қалдыру