2026 жылғы 19 наурызда Абай аудандық мәслихатының 49 кезекті сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 19 наурызда Абай аудандық мәслихатының 49 кезекті сессиясы өтті. Бірінші мәселе – «Абай ауданы полиция басқармасының қоғамдық тәртіпті қорғау және қылмысқа қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы» баяндамамен полиция полковнигі, Абай ауданы ПБ бастығы М.И. Ашимов сөз сөйлеп, қатысушыларға құқық бұзушылықтардың алдын алуға, киберқылмысқа қарсы күреске, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған алдын алу шараларын күшейту жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары туралы жеткізді. Халықты қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету мәселесі бойынша «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы А.Ш. Таласов тыңдалды. Депутаттар инватакси және Абай ауданының отбасын қолдау Орталығының жұмысы бойынша мәселелерді көтерді. Абай қаласының Бас жоспарына түзетулер бекітіліп, Абай ауданы әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдарға өзгерістер енгізілді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-abai/press/news/details/1185231?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді