
2026 жылғы 18 наурызда облыс прокурорының орынбасары Т.Ә. Сапаровтың төрағалығымен жергілікті атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органдардың басшыларының қатысуымен ведомствоаралық кеңес өткізілді. Кеңесте 2026 жылғы су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері қаралды.
Отырыста қадағалау органы елді мекендерден қар шығару жұмыстарын ұйымдастыруға, қорғаныс дамбалары мен бөгеттердің құрылысын аяқтауға және нығайтуға, сондай-ақ өзге де алдын алу шараларын уақтылы жүргізуге назар аударды.
Уәкілетті органдарға Есіл өзені бойындағы су қоймаларында су тасқыны кезеңінде суды жоспарлы түрде жіберуді қамтамасыз ету, сондай-ақ өзендердің қауіпті учаскелерінде мұзды кесу, ұсақтау және босату бойынша жарылыс жұмыстарын уақытылы жүргізу тапсырылды.
Қалыптасқан климаттық жағдайларды (ылғал қоры, топырақтың ылғалдылығы, су айдындарының толуы) ескере отырып, уәкілетті органдардың күштері мен құралдарының дайын болуы атап өтілді.
Негізгі мақсат – азаматтардың және олардың мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Өңірдегі жағдай тұрақты, облыс прокуратурасы мен уәкілетті мемлекеттік органдардың бақылауында.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1184864?lang=kk

Жауап қалдыру