
Ақмола облысының Целиноград ауданында ақшалай қаражатты бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Қылмыстың зардап шегушісі TikTok әлеуметтік желісінде жас жігітпен танысқан жергілікті тұрғын болды.
Қысқа уақыттағы қарым-қатынастан кейін қыз хат алмасуды тоқтатуға шешім қабылдаған. Алайда, байланысты жоғалтқысы келмеген қаскөй қылмыстық схема ойластырған: фоторедактордың көмегімен ол жәбірленушінің фотосуреттерін өзгертіп, интернетте таратамын деп қорқытқан. Жалған материалдарды жарияламау үшін ақша талап еткен.
Болып жатқан оқиғаның заңсыздығын түсінген облыс тұрғыны полициядан көмек сұрады. Целиноград ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел әрекет етті: заңсыз әрекеттерді тіркеп, дәлелдемелер жинады және сотқа дейінгі тергеуге бастамашылық етті. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда, күдіктінің жеке басы белгілі болды.
Мұндай қылмыстардың зардап шегушісі болып қалумау үшін цифрлық қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды: бейтаныс адамдармен жеке фотосуреттер мен бейнелерді бөліспеңіз, тіпті олар сенімді болса да, әрқашан жаңа таныстардың аккаунттарын тексеріңіз: тіркеу күніне, тіркелген адамдардың санына, белсенділігіне назар аударыңыз, сонымен қатар жеке ақпаратқа қол жетімділікті шектеңіз.
Полицейлер ешбір жағдайда қоқан-лоққы мен бопсалауға берілмеуге, дәлелдемелерді сақтауға, ең бастысы бопсалаудың алғашқы белгілері кезінде құқық қорғау органдарына дереу жүгінуге шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1185490?lang=kk

Жауап қалдыру