
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы ғимаратында Наурызнама онкүндігі аясында Жаңару күніне орай көгалдандыру акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында кітапхана маңындағы аумаққа жас көшеттер отырғызылып, абаттандыру және тазалық жұмыстары жүргізілді.
Қатысушылардың айтуынша, осындай игі іс-шаралар қоғамда экологиялық мәдениетті нығайтып, табиғатқа жанашырлықпен әрі жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді. Бұл акция қоршаған ортаны қорғау жолындағы ортақ жауапкершіліктің нақты көрінісіне айналды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1185531?lang=kk

Жауап қалдыру