Алматылық балуандар U23 Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті.

Алматы қаласы Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, алматылық балуандар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, бірқатар жүлделі орын жеңіп алды.

Жарыс қорытындысы бойынша 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ерхан Әбіл чемпион атанды. Күміс жүлдені Ильмар Азуллаев (65 кг), Егор Анчугин (74 кг) және Нұрсұлтан Әбдіхалық (92 кг) иеленді. Ал 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жанқожа Әбілтаев пен Шерхан Әбіл қола жүлдегер атанды.

Турнир қорытындысы бойынша Алматы құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алып, республикалық аренадағы көшбасшылығын және қаладағы еркін күрестің жоғары деңгейде дамығанын дәлелдеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1185078?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді