Ақпарат

Жарияланды:

Автор:

категорияда

          Әулиекөл ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасының жер кодексінің 43-1 бабына және Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын сәйкес, 2026 жылғы 14 мамырда сағат 10.00-де Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы,  1 май к-сі, 44, (1 қабат, мәжіліс залы) мекен-жайы бойынша, ауыл шаруашылығы немесе ауылшаруашылық өнімдерін уақытша ақылы жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша тендер өткізеді.           Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және ресімдеу 2026 жылғы
20 сәуірден бастап 13 мамыр  аралығында
(қабылдау уақыты 9.00-ден 18.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін) 15 жұмыс күні ішінде өткізіледі.  «Әуликөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мына мекен-жай бойынша: Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы,  Байтұрсынов к-сі, 43, (2 қабат). Конкурсқа қатысуға өтінім қағаз жүзінде немесе электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініш берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін беріледі. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұсынылатын конкурсқа қатысуға өтінімдерге сәйкес, конкурсқа қатысуға арналған конкурстық ұсыныстар ұйымдастырушыға белгіленген мерзімнің соңына дейін, басталған күннен бастап, он бес жұмыс күні ішінде беріледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-audany-akimat/press/news/details/1185418?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді