
Ұлт мәдениетін ұлықтаған шеру ұлттық киім мен дәстүрді дәріптеуге арналған. Шеруге ұлттық киім киген тұрғындар мен қонақтар қатыса алады.
Шеру бағыты:
Басталуы: 14-шағын аудан, «Астана» сауда орталығы жанындағы теңіз жағалауы
Аяқталуы: 15-шағын аудан, «Айдын» мейрамханасы
Қатысушылар 10 адамнан бір қатар болып, иық тіресе орналасады;
Топтың алдында нұсқаушы жүреді;
Қозғалыс нұсқаушының белгісі бойынша жүзеге асады.
Жасыл жалау — қатарды сақтап, жылдам қозғалу;
Сары жалау — қатарды сақтап, баяу жүру;
Қызыл жалау — тоқтау және ұлттық киімді көрсету.
Шеру бірнеше аялдамада тоқтайды. «Маңғыстау» телеарнасы тікелей эфир жүргізеді.
Өтетін күні: 22 наурыз
Жиналу уақыты: 09:00
Басталу уақыты: 10:00
Өтетін орны: Ақтау қаласы, теңіз жағалауы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1185402?lang=kk

Жауап қалдыру