Артур Ластаев шағын футбол турнирінің қатысушыларына: Бұл – спорт пен белсенді өмір салтының жолы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласында №11 түзету мекемесінің (кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемесі) спорт базасында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кубогы үшін шағын футболдан алғашқы турнир өтті.

Бұл турнирге үш команда қатысты: түзеу мекемесінің және балалар-жасөспірімдер клубтарының «Рузаевка» мен «АРД» құрамалары.

Жеңімпаз болып «Рузаевка» құрамасы атанды.

Марапаттау рәсімінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев құрамаларға қарата сөз сөйлеп:
«Сіздер футболдың шекара танымайтынын көрсеттіңіздер. Ең бастысы, дәл осындай жолды, яғни спорт пен белсенді өмір жолын таңдауларыңызда», – деді.

Түзеу мекемесінің аумағында өткен алғашқы шағын футбол турнирі тек спорттық шара ғана емес, маңызды әлеуметтік бастамаға айналды. Мұндай кездесулер спорттың адамдарды біріктіре алатынын және әркімге өзін көрсетудің мүмкіндігін беретінін көрсетеді. Осындай турнирлер тек салауатты өмір салтын насихаттауда ғана емес, жастарды тәрбиелеуде де маңызды рөл атқарады.

Марапаттау рәсімі аясында, сонымен қатар, мына номинациялар бойынша дипломдар табыс етілді: «Ең үздік қақпашы», «Ең үздік қорғаушы», «Ең үздік шабуылшы», «Белсенді жанкүйер».

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/1185045?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді