«Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ 2026 жылға арналған азаматтық бюджеті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) бюджеті мынадай бағыттардағы саясатты іске асыруға бағытталған:

         – Астана қаласының аумағында салынып жатқан объектілерге мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыру;

         – Астана қаласының аумағында лицензиялау, аттестаттау және аккредиттеуді жүзеге асыру;

–        Астана қаласының аумағында тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу саласына бақылауды жүзеге асыру;

         – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

 

 Басқарманың 2026 жылға арналған бюджеті 575 417,0 мың теңгені құрайды.

2026 жылға арналған бюджет шығыстары мынадай бағдарламалар бойынша көзделген:

– 001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» – 575 619,0 мың теңге, аппаратты ұстау -35 штат бірлігі.

         Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Салынып жатқан объектілерді мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыру және Астана қаласының аумағында лицензиялау мен аттестаттауды жүзеге асыру; Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелері:

– штат саны 35 бірлік аппаратты қамтамасыз ету және ұстау;

– мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету;

– 003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» – 2 798,0 мың теңге.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Басқарманың мемлекеттік органдарының қызметін қамтамасыз ету;

Бюджеттік бағдарламаның соңғы нәтижелері: Басқарманың материалдық-техникалық базасын қалыптастыру және нығайту.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-kkgs/press/news/details/1185006?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді