Азаматтарды қабылдау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔸«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 19 наурызында Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
🔹Іс-шараға Әділет департаменті басшысының орынбасары Темирбек Нажиканов, сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы Жанна Казбаева, өңірлік жеке сот орындаушылары палатасының басшысы Қайрат Баймуханов және Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының өкілі қатысты.
🔸Қабылдау барысында азаматтар сот актілерін орындау, жеке сот орындаушыларының қызметі, берешектерді өндіру және өз құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жүгінді. Барлық көтерілген мәселелер бақылауға алынды.

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1185404?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді