Барлық қызметтер су тасқынына байланысты жоғары дайындық режимінде – ҚР ТЖМ.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Барлық қызметтер су тасқынына байланысты жоғары дайындық режимінде – ҚР ТЖМ.
Tasqyn және Talsin-NG ақпараттық жүйелері өзендердегі су деңгейінің орташа көтерілуі салдарынан 30 елді мекен үшін ықтимал қауіп бар екенін модельдеді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен дөңгелек үстелде ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков мәлімдеді.
министрліктің жедел су тасқынына қарсы штабы жұмыс істейді, оған су ресурстары және ирригация, экология және табиғи ресурстар, көлік, денсаулық сақтау, ішкі істер, жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктерінің өкілдері тартылған. Гидрологиялық жағдай мен су басу қаупі бар елді мекендерге тұрақты мониторинг жүргізілуде. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қызметтер жоғары дайындық режимінде», – деді Серік Жүнісбеков.

Комитет төрағасы жағдай күрделенсе, қажетті шешімдер жедел қабылданатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-muktikol/press/news/details/1184999?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді