
Ағымдағы жылғы 18-19 наурызда Астанада «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Адам құқықтары жөніндегі диалог пен Сот төрелігі мен құқықтық тәртіп жөніндегі кіші комитеттің кезекті отырыстары өтті.
Қазақстандық тараптан Бас прокуратура, Сот әкімшілігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қаржылық мониторинг және Мемлекеттік қызмет істері агенттіктерінің, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, Сыртқы істер, Әділет, Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Мәдениет және ақпарат, Денсаулық сақтау және Оқу-ағарту министрліктерінің өкілдері қатысты.
Кіші комитеттің қазақстандық бөлігінің тең төрағасы, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Асхат Жұмағали осы жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Конституцияның адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайту тұрғысынан негізгі жаңашылдықтарын баяндады.
Заң үстемдігін, әділеттілікті және барлығының заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған қоғамда құқықтық тәртіп идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыруға ерекше назар аударылады.
Диалог барысында тараптар әйелдер мен балаларды қоса алғанда, адам құқықтарын құрметтеу, сөз және бірлестік бостандығы, діни сенім мен бейбіт жиналыстар, күзетпен ұстау жағдайлары, азаптаудың алдын алу және т.б. саладағы ахуал бойынша пікір алмасты.
Кіші комитет құқық қорғау және сот жүйелерін дамытуды, қылмыстық және азаматтық істердегі халықаралық ынтымақтастықты, заңсыз көші-қонға, терроризмге, есірткі қылмысына, көлеңкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлыққа, адам саудасына қарсы күрес сияқты жаһандық қауіптерге қарсы тұруды, сондай-ақ Қазақстанның қылмыстық іс жүргізу саласындағы еуропалық конвенцияларға қосылуын талқылады.
Тараптар, БҰҰ және ЕҚЫҰ платформаларын қоса алғанда, көпжақты халықаралық платформалар шеңберіндегі өзара
іс-қимылды талқылап, адам құқықтары, сот төрелігі мен құқықтық тәртіп бағытында тәжірибе мен озық тәжірибелермен алмасуды жалғастыруға қызығушылық танытты.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/1185537?lang=kk

Жауап қалдыру