
Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев өңірдегі бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградаларды тапсырды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
– Әр салада елге адал қызмет етіп жүрген бірқатар жетісулық азаматқа Мемлекет басшысының Жарлығымен бүгін наградалар берілді. Бүгін сол мемлекеттік марапаттарды өздеріңізге арнайы тапсыруға жиналып отырмыз. Президенттің бастамасымен жүргізіліп жатқан жүйелі реформаларды іске асыруда алда әлі талай міндеттер бар. Сол үлкен істердің басы-қасынан табылып, жемісті еңбек ете беріңіздер. Күнделікті жұмыстарыңызды жауапты атқару арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бұдан былай да үлес қоса бересіздер деп сенемін. Марапаттарыңыз құтты болсын, – деді Бейбіт Исабаев.
Атап айтсақ, осы жиында «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Арын Арыстанғали мен Ақсу ауданындағы «Жанұя» отбасын қолдау орталығы» КММ басшысы Күләйхан Дәулетбекова «Құрмет» орденімен, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Бауыржан Абибеков, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Гафур Кузубаев, Панфилов ауданындағы «Азияветсервис» ЖШС бас директоры Ризван Сакиова «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Алтынемел ауылдық округі Аналар кеңесінің төрпайымы Торғын Асылбекова, Ескелді ауданынан жеке кәсіпкер Ринат Хамзин «Шапағат» медалімен марапатталды.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотограф: Дмитрий Ерофеев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy/press/news/details/1185303?lang=kk

Жауап қалдыру