
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-44 бұйрығымен бекітілген «Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға» сәйкес, безгек ауруының алдын алу мақсатында тиісті қызметтер мен ұйымдардың, сондай-ақ КСК-ның объектілерінде қан сорғыш жәндіктердің көбею орындарын (уақытша пайда болған су айдындары, батпақтану) жоюға, анофелогенді су айдындарының жағалауларын тұрмыстық және құрылыс қалдықтарынан тазартуға, шөп шабуға бағытталған гидротехникалық (экологиялық) іс-шараларды жүргізу бойынша төмендегілерді қамтамасыз ету қажет:
-
шөп шабу;
-
бұталарды сирету және қырқу;
-
тұрмыстық, құрылыс және өсімдік қалдықтарының үйінділерін жою;
-
тұрғын және қосалқы үй-жайларға, су көздеріне, демалыс орындарына, спорт алаңдарына апаратын орман жолдарын тазарту және кеңейту;
-
объектінің бүкіл маусым бойы абаттандырылған күйін сақтау;
-
туристік маршруттар болған жағдайда, жаяу жүргінші жолдарын дезинсекциялық өңдеу және олардың екі жағынан кемінде 50 метр қашықтықта қураған ағаштар мен жел құлатқан қалдықтардан тазарту;
-
объект аумағына үй жануарларының кіруіне жол бермеу;
-
дератизациялық іс-шараларды жүргізу.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-alatau/press/news/details/1185412?lang=kk

Жауап қалдыру