Білім беруді тұрақты дамыту қоры Google компаниясымен және «STEM Solutions» ЖШС-мен бірлесіп, ауыл мектептерінде Google for Education құралдарын қолдану бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Білім беруді тұрақты дамыту қоры Google компаниясымен және «STEM Solutions» ЖШС-мен бірлесіп, ауыл мектептерінде Google for Education құралдарын қолдану бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруда.

Жобаның мақсаты – қала мен ауыл арасындағы цифрлық алшақтықты қысқарту және оқушылардың сыни ойлау мен ынтымақтастық сияқты ХХІ ғасыр дағдыларын дамыту.

Жоба республика бойынша 14 ауыл мектебін, 240 мұғалімді және 1100 оқушыны қамтиды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша жобаға 2 мектеп енді: «Өрел орта мектебі» КММ (Катонқарағай ауданы) және «Р. Марсеков атындағы орта мектебі» КММ (Ұлан ауданы). Мектептер Chromebook құрылғыларымен жабдықталған, ал педагогтер Google Educator сертификаттауынан өткен.

2026 жылғы 19 наурызда «Өрел орта мектебі» КММ-де Google for Education-ның Еуропа және Орталық Азия бойынша білім беру бағытының жетекшісі Анна Артемьева (Ұлыбритания) қатысуымен іс-шара өткізілді.

Сапардың басты оқиғасы – «Google Reference School» мәртебесін салтанатты түрде беру болды. Бұл – Орталық Азия және ТМД елдері аумағындағы алғашқы осындай атақ. Аталған халықаралық мойындауға Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданындағы Өрел орта мектебі ие болды. Бұл мәртебе мектептің цифрлық педагогика мен инновациялар саласында Google-дың  халықаралық стандарттарына толық сәйкес келетінін дәлелдейді.

Өрел орта мектебінің  «Google Reference School» мәртебесін алуы елдегі басқа мектептер үшін үлгі болып, Қазақстанның цифрлық педагогика саласындағы халықаралық беделін нығайтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1185165?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді