«Дәстүрімнің бал қаймағы – әжелер» атты аудандық сайыс өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

17 наурыз күні Қарақұдық ауылдық мәдениет үйінде «Дәстүрімнің бал қаймағы – әжелер» атты аудандық сайыс өз мәресіне жетті.

 

Аталған іс-шара ұлттық құндылықтарды дәріптеу, әжелеріміздің даналығы мен өнегесін насихаттау, сондай-ақ жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылды. Сайысқа ауданның белсенді әжелері қатысып, өзара бақ сынасты.

 

Байқау барысында қатысушылар өз өнерлерін, қолөнер шеберліктерін, ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеру деңгейін және өмірлік тәжірибелерін жоғары деңгейде көрсетті. Әрбір әже көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, тағылымды ойларымен бөлісті.

 

Әжелер – ұлттың ұйытқысы, тәрбиенің бастауы. Осындай мәні зор шаралар ұлттық дәстүрлеріміздің сабақтастығын сақтауға, қоғамдағы аға буынның рөлін арттыруға және жас ұрпақты тәрбиелеуде ерекше маңызға ие.

 

Тамды ауылдық округінің абыройын асқақтатып барған Әлденбаева Болғанай әжеміз жүлделі І орынды иеленіп, ақшалай сыйлыққа ие болды.

 

Жеңісіңіз құтты болсын! 🌷

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-tamdy/press/news/details/1184993?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді