
Қасиетті Рамазан айы аясында Есет батыр ауылында игі шара ұйымдастырылды. Бесқоспа ауылдық округі әкімдігі бастамасымен және округтегі шаруа қожалықтарының демеушілігімен ауыл тұрғындарына арнап ауызашар дастарханы жайылды.
Аталған шараға ауыл үлкендері және ауыл тұрғындары қатысып, бір дастархан басында бас қосты. Ауызашар барысында жиналған қауым бір-біріне ізгі тілектерін арнап, береке мен бірліктің маңыздылығын атап өтті.
Шара барысында ауыл ақсақалдары бата беріп, ел тыныштығы мен жұрт амандығын тіледі. Сонымен қатар, мұндай игі істердің ауыл тұрғындары арасындағы ауызбіршілікті арттырып, қайырымдылық пен жанашырлықты нығайтудағы рөлі ерекше екені айтылды.
Ауызашарды ұйымдастыруға қолдау көрсеткен шаруа қожалықтарының басшыларына ауыл тұрғындары өз алғыстарын білдірді. Осындай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын табады деп күтілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-beskospa/press/news/details/1184936?lang=kk

Жауап қалдыру