Есірткіге қарсы күрес: СҚО-да жыл басынан бері 270 сайт бұғатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     18 наурыз күні өңірде есірткіні заңсыз жарнамалау мен насихаттауға қарсы бағытталған ауқымды акция өтті. Петропавл қаласының блогерлері мен еріктілері есірткіге қарсы күресте полицейлерге қосылып, есірткі жарнамасы бар граффитилерді жойды.

     Тәртіп сақшылары мен қалалық әкімдік жанындағы жастар ресурстық орталығының белсенділері Петропавлдың адам аз жүретін аудандарында жұмыс жүргізді. Бұл жерлерде әлі де есірткі сататын интернет-дүкендерге сілтемелері бар жазбалар кездеседі. Акцияны мыңдаған оқырманы бар блогерлер де қолдады.

     Полицейлер алдын алу жұмыстарын тек көшелерде ғана емес, интернет кеңістігінде де белсенді жүргізуде.

     Сондай-ақ құқық қорғау органдары цифрлық ортадағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимылға ерекше назар аударып отыр. Жыл басынан бері синтетикалық есірткілерді сатуға қатысты ақпарат таратқан 270 сайт анықталып, бұғаттауға жолданды.

     Бұдан бөлек, қаңтар айынан бері СҚО полицейлері Қостанайдан, Астанадан және Ақмола облысынан жеткізілген 7 синтетикалық есірткі арнасын тоқтатып, екі ірі есірткі зертханасын жойды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1185223?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді