
Мемлекеттік қызмет пен медицина саласы – қоғам дамуының негізін құрайтын маңызды бағыттардың бірі. Бұл салада кәсібилік пен адалдықты қатар алып жүру әр маманнан жоғары жауапкершілік пен табандылықты талап етеді. Осындай қасиеттерді бойына сіңірген білікті мамандардың қатарында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің медициналық қызметті бақылау бөлімінің бас маманы Нағметова Ұлбосын Асқарқызы да бар.
Ұлбосын Асқарқызы еңбек жолын 2014-2021 жыл аралығында Қызылорда облысы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде әдіскер қызметінен бастап, осы салада мол тәжірибе жинады. 2021 жылы сәуір айынан бастап аталған Департаменттің Медициналық қызметті бақылау бөлімінде – бас маман қызметін абыроймен атқаруда.
Нағметова Ұлбосын Асқарқызы ұжымда біліктілігімен, іскерлігімен және ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленетін, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын білікті маман. Өз ісіне адалдығы мен жауапкершілігінің арқасында тәжірибесін шыңдай түсіп, әріптестері мен қызметтестерінің сеніміне ие болды.
Нағметова Ұлбосын Асқарқызының отбасына амандық және алда еңбек жолында зор табыс, кәсіби шыңдалу мен жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/1185177?lang=kk

Жауап қалдыру